Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында рекорд жаңартты

Жастар арасындағы Азия чемпионаты 14 тамызға дейін жалғасады.

 Спортты дамыту дирекциясы 10 Тамыз 2026, 03:42
10 Тамыз 2026, 03:42
104
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан жастар арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті алтын медальға ие болды.

65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ерсейіт Бейбарыс U17 санатында жұлқа көтеру және қоссайыс қорытындысы бойынша рекорд жаңартты.

Қазақстандық спортшы қоссайыста 281 келі нәтиже көрсетті. Ол жұлқуда 129 келі, серпуде 152 келі көтерді.

  • Ерсейіт Бейбарыс — 281 кг (129+152)
  • Нгуен Занх Дай (Вьетнам) — 278 кг (125+153)
  • Хига Аю (Жапония) — 256 кг (121+135)

Сонымен қатар Ерсейіт Бейбарыс U20 санатындағы жалпы есепте қола жүлдеге ие болды.

Жастар арасындағы Азия чемпионаты 14 тамызға дейін жалғасады.

Наверх