Қазақстандағы жаппай жекешелендіру туралы фильм түсірілді

6 Желтоқсан 2023, 22:10
484
Бөлісу:
Қазақстандағы жаппай жекешелендіру туралы фильм түсірілді

«Қазақфильм» киностудиясы Қазақстандағы жаппай жекешелендіру туралы толықметражды фильмі жуырда көрерменге жол тартады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Әбіл» атты жаңа картинаның түсірілімі 2022 жылдың қазан айының ортасында басталды. Фильмнің сценарий авторы және қоюшы режиссері белгілі қазақстандық кинорежиссер Елзат Ескендір.

Картинаның сюжеті Кеңес Одағының ыдырау тақырыбын қозғайды. Оқиға Қазақстанда 1993 жылы өрбиді. Фильмде кеңес үкіметі дәуірінде халықтың жалпыға ортақ меншігі болған барлық мүлік пен мал бір сәтте қолға алынып, колхоздар таратылып, шаруа қожалықтары мен ұжымдардағы қирау кезеңі баяндалады.

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Әбіл» жұмыс атауымен толықметражды көркем фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілді.

Фильмнің басты кейіпкері- Әбіл есімді колхоздың беделді шопаны. Ол бүкіл саналы өмірін мал бағуға арнаған. Алайда, өз үлесін алу үшін ол үлкен қиындықтар мен тағдырдың тосын бұрылыстарына кезігеді

Өзгелердің жаңалығы