Қазақстандағы АЭС жобасының құны шамамен 16,4 млрд доллар 

Шамамен 14,4 млрд доллар энергоблоктар құрылысына жұмсалады.

 ©BAQ.KZ архиві/Олжас Адай - ЖИ Бүгiн 2026, 15:35
Бүгiн 2026, 15:35
108
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Олжас Адай - ЖИ

Қазақстанда атом электр станциясын салу жобасының жалпы құны шамамен – 16,4 млрд доллар, деп хабарлайды BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Агенттік мәліметінше, қаражаттың негізгі бөлігі энергоблоктар құрылысына бағытталады.

Негізгі қаражаттың басым бөлігі, яғни шамамен 14,4 млрд доллар энергоблоктар құрылысына жұмсалады. Тағы 2 млрд долларға жуық қаражат инфрақұрылымға, қауіпсіздік жүйелеріне және кепілдік кезеңіне арналған отынға бағытталады. Жобаның жалпы көлемі шамамен – 16,4 млрд доллар, – деп хабарлады Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің келіссөздері қорытындысы бойынша Қазақстан аумағында атом электр станциясын салу жобасы бойынша ынтымақтастық қағидаттары туралы келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ АЭС жобасын қаржыландыру үшін Қазақстанға Ресей мемлекеттік экспорттық кредитін беру туралы жеке келісім мақұлданды.

Қазақстандағы алғашқы АЭС ресейлік ВВЭР-1200 жобасы негізінде салынады.

Наверх