Қазақстанда жұмыртқа өндірісі 7,5%-ға артып, 4 миллиардтан асты

27 Қараша 2026, 20:35
АВТОР
 gov.kz 27 Қараша 2026, 20:35
27 Қараша 2026, 20:35
52
Фото: gov.kz

Қазақстанда 4 млрд-тан астам жұмыртқа өндірілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2026 жылғы қаңтар–қазан айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 4 млрд-тан астам дана тауық жұмыртқасы өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,5%-ға жоғары. Өндірілген өнім көлемі халықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етеді, - делінген министрлік хабарламасында. 

Қай өңірлерде қарқынды дамуда?

Жұмыртқа өндірісі негізінен Ақмола, Алматы, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында қарқынды дамуда.

Отандық өндірісті одан әрі ұлғайту аясында Шығыс Қазақстан облысында «Altai Qus» құс фабрикасын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру басталды.

Жобаның инвестициялық көлемі 5,5 млрд теңгені құрайды, ал жобалық қуаты жылына 150 млн дана жұмыртқа өндіруге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындар халықтың тауық жұмыртқасына деген қажеттілігінің 30%-ын қамтамасыз етеді. «Altai Qus» жобасы толық қуатына шыққаннан кейін өңірдің өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 109%-ға жетеді.Жоба аясында автоматтандырылған өндірістік желілер, цифрлық басқару жүйелері және халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін заманауи жабдықтар енгізіледі. Сонымен қатар 150-ге дейін жаңа жұмыс орны ашылады, - деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі. 


Наверх