Қазақстанда жолаушылар вагондары паркінің 90%-ы жаңартылады

Локомотивтердің орташа жасы 30 жылдан 21 жылға дейін қысқарды.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 11:52
Бүгiн 2026, 11:52
127
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында 2030 жылға қарай Қазақстандағы жолаушылар вагондары паркінің 90%-ы жаңартылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жолаушылар вагондары паркін жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы жылдары 650-ден астам жолаушылар вагоны жаңартылды. 2030 жылға қарай вагондар паркінің жаңару деңгейін 90%-ға жеткізу жоспарланып отыр, – деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, жалпы локомотивтердің орташа жасы 30 жылдан 21 жылға дейін қысқарған.

Жүк вагондары паркі шамамен 147 мың бірлікті құрайды. Оның басым бөлігі жекеменшік операторларға тиесілі.

Наверх