Қазақстанда жол апатынан қаза тапқан балалар саны көбейген

6 Қараша 2023, 11:35
759
Бөлісу:
Қазақстанда жол апатынан қаза тапқан балалар саны көбейген
Фото: BAQ.KZ - архив

Соңғы 10 айда ЖКО-да қаза тапқан балалардың саны 14%-ға артқан. Бұл туралы ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Балалардың қауіпсіздігі әрқашан құқық қорғау органдарының назарында болды, бірақ оқу жылы кезеңінде бұл мәселеге ерекше назар аударылды. Өкінішке қарай, халықпен жыл сайынғы ағарту жұмыстарын жүргізуге қарамастан, біз балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін бір проблемаға – жол-көлік оқиғаларына тап боламыз, - деді полицей.

Ол биылғы статистикаға тоқталды.

Биылдың 10 айында ЖКО-да қаза тапқан балалардың саны 14%-ға, ал зардап шеккен балалардың саны 3%-ға артып отыр. Зардап шеккен балалардың жартысынан көбі жолаушылар, ал қалғандары жаяу жүргіншілер болды. Көп жағдайда балалар ересектер тарапынан тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін зардап шегеді. Себебі олар автоорындықтар, бустерлер және адаптерлер сияқты балаларды ұстайтын құрылғыларды пайдаланбайды, - деп айтты Ақтоты Боранова ІІМ брифингінде.

Өзгелердің жаңалығы