Жетім балалар кезегі: 43 мың түлек әлі күнге дейін үй күтіп жүр

Сенатор баспана кезегіндегі жүйелі проблемаларды көтерді.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 14:02
Бүгiн 2026, 14:02
85
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Сенатор Андрей Лукин жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамту мәселесіне қатысты депутаттық сауал жолдады. Ол бұл салада заң талаптарының жүйелі түрде бұзылып отырғанын атап өтті. Әсіресе, мәселенің өзегі – кезекте тұрғандар арасында тұрғын үйді бөлу кезеңінде туындап отыр.

Сенатор келтірген мәліметке сүйенсек, бүгінде 60,9 мыңнан астам жетім бала баспана кезегінде тұр. Оның ішінде 43 мыңнан астамы кәмелет жасына жеткен. Мұндай жағдайда кезектің қысқаруы әзірге мүмкін болмай отыр.

Сонымен қатар, ол бекітілген квоталардың сақталмай отырғанына назар аударды. Қолданыстағы талап бойынша, берілетін тұрғын үйдің кемінде 70 пайызы басым санаттағы азаматтарға, ал кемінде 20 пайызы тікелей жетім балаларға арналуы тиіс. Алайда көптеген өңірде бұл нормалар іс жүзінде орындалмай келеді.

Соңғы жылдардағы тұрғын үйді бөлуге талдау жасағанда белгіленген нормадан шамадан тыс ауытқығанын көрсетті. Қазақстанда берілген 60 мыңға жуық тұрғын үйдің тек 7 мыңға жуығы жетім балаларға бөлінді, бұл көзделген көлемнің 11,8%-ын құрайды. Балалар үйіндегі кәмелетке толмаған жетімдердің бұрын кезекте тұрып қоюына байланысты балалар үйінің кәмелетке толған түлектерінің баспана алмай қалуы жағдайды одан әрі қиындатып отыр. Кәмелетке толмағандар өз кезегінде балалар үйінде тұра бергенде кәмелетке толғанға дейін тұрғын үй құқығын пайдалана алмайды. Соның нәтижесінде жетім балалардың басымдығы ескерілмей, тұрғын үй-жайлар азаматтардың басқа санаттарының пайдасына қайта бөлінеді, - деді Андрей Лукин.

Балалар мекемелерін тәмамдап, кәмелет жасына толған түлектерді баспанамен бірінші кезекте қамту мәселесі заң жүзінде толық реттелмеген. Сондай-ақ, кезекке тіркелуден бастап, тұрғын үйді бөлуге дейінгі барлық кезеңдерді цифрландыру деңгейі әлі де жеткіліксіз.

Сенатордың сөзінше, бұл жағдай құқық қолдану тәжірибесінің әлсіздігін, жауапты мамандардың салғырт қарауын және өңірлердегі бақылаудың тиісті деңгейде емес екенін аңғартады.

Жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде кешенді жол картасын әзірлеуді және бекітуді ұсынамыз. Жетім балаларға арналған ұйымдардың кәмелетке толған түлектерінің тұрғын үй алуға басым құқығын бекіту мақсатында заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу үшін бастама жасау керек. Қолданыстағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардың интеграциясын қамтамасыз ету, сондай-ақ квоталар мен мақсатты пайдалануды сақтай отырып, тұрғын үйдің бөлінуіне орталықтандырылған бақылау орнату керек. Одан басқа, тұрғын үйді бөлу кезінде заң талабы бұзылғаны үшін лауазымды тұлғалардың дербес жауапкершілігін енгізу және ашық цифрлық платформалар арқылы тұрғын үйді бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету қажет, - деді сенатор.

Наверх