Қазақстанда жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы қайта жанданды

20 Қараша 2022, 20:32
3162
Бөлісу:
Қазақстанда жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы қайта жанданды
Фото: egemen.kz

Бүгіннен бастап жеңілдетілген автонесие беру қайта жалғасады. Бұл жолы өтініштер тек онлайн режимде қабылданады.  Өтініш қабылдайтын арнайы портал сынақтан өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ inbusiness.kz сілтеме жасап.

Жыл басынан бері елімізде 98 мыңға жуық жаңа жеңіл көлік сатылған. Өндірісті дамыту қоры төрағасының орынбасары Ринат Ғаппаров жаңашылдық жүздеген азаматтың жеңіл несиемен қамтылуына мүмкіндік беретінін алға тартты. Оның айтуынша, бағдарлама негізінде қарыз бұған дейінгі қарыздың қайтарылуы есебінен берілмек.

Түскен ақша игерілгеннен кейін несиелеу қайтадан кідіреді. 2047 жылға дейін револьверлік қаражат көлемі 14,3 млрд теңгеден асады, - дейді Ринат Ғаппаров.

Осылайша, 30 жыл ішінде халыққа 4 пайыздық мөлшерлемемен 60 мың жаңа көлік алуға мүмкіндік туады. Бағдарлама бойынша тек отандық көліктерді сатып алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы