Қазақстанда жеке куәліктің қағаз көшірмесін жинауға тыйым салынады

2 Желтоқсан 2023, 02:25
795
Бөлісу:
Қазақстанда жеке куәліктің қағаз көшірмесін жинауға тыйым салынады
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда жеке куәліктің қағаз көшірмесін жинауға тыйым салынады. Аталмыш заң жобасы жоғары палата қабырғасында қолдау тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Енді азаматтардың жеке дерегін қорғау күшейтіледі. Мұнымен қоса, жоба қазақстандықтарға электрондық үкімет порталы арқылы банктен берешек алудан өз еркімен бас тартуға мүмкіндік береді.

Аталған бастама алдымен алаяқтардан қорғауға бағытталған. Құжатты таныстырған сенатор Бибігүл Жексенбай соңғы жылдары елде кибершабуыл жиілегенін айтты. Ендігі жерде арнайы ақпараттық қауіпсіздік орталығы мемлекеттік органдардағы дербес деректердің сақталуына жауапты болады. Ол ҰҚҚ-ның жанында жұмыс істейді.

Дербес деректерді қорғауда мемлекеттік бақылау болмаған соң, интернет-алаяқтық көбейіп, олардан мыңдаған қазақстандық зардап шегіп отырғаны белгілі. Біріншіден, заң дербес деректердің айналымы мен сақталуы бағытында мемлекеттік бақылауды күшейтеді. Дербес дерекке ие операторлармен профилактикалық жұмысты жолға қояды. Дербес деректер жарияланса, енді заң бойынша әр оператор реттеуші мемлекеттік органға хабарлауы тиіс, – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай.

Өзгелердің жаңалығы