Қазақстанда "Жастар апталығы" басталды

7 Тамыз 2023, 21:33
1236
Бөлісу:
Қазақстанда "Жастар апталығы" басталды
Фото: gov.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі 12 тамызда аталып өтетін Халықаралық Жастар күні қарсаңында "Жастар апталығының" басталғанын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осылайша, 7-12 тамыз аралығында республика өңірлерінің барлық алаңдарында қайырымдылық, волонтёрлік және экологиялық акциялар, бос орындар жәрмеңкелері, түрлі фестивальдар, жастарға арналған концерттер мен семинарлар өтеді.

Апта Қазақстанның әр өңірінде "12 игі іс" қайырымдылық акциясымен басталады. Бұл күндері жас еріктілер мен жастар ұйымдарының өкілдері қарттар үйлеріне, балалар үйлеріне барады; экологиялық акциялар өткізеді және мұқтаж жандарға көмек көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы