Қазақстанда Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі ұйымдастырылуы мүмкін

13 Қараша 2024, 12:22
679
Бөлісу:
Қазақстанда Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі ұйымдастырылуы мүмкін

Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ринат Зайытов Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновқа сұрақ қойды.

Сіздің бастамаңыз жаман емес. Оны да атап өткен жөн. Өткенде Черчесовпен болған дауда мемлекеттік тіл жағына шыққаныңызға өз атымнан алғыс білдіремін. Заңның аясында федерацияға министрліктің ықпалы тек аккредитация алу тұрғысында ғана күшейді. Енді лимит тағайындау, мемлекеттік моральдық келбетіне тіл тигізетін немесе нұқсан келтіретін жағдайларда да әсер ете алатындай құзырет берілсе... Осыған ойыңыз қалай? Бізге әлемде елдің назары ауып отырған спорт түрлерінде екі көкжалымыз бар. Біреуі – Шавкат Рахмонов, екіншісі – Жәнібек Әлімханұлы. Біз кезінде Геннадий Головкиннің бір жекпе-жегін Қазақстанда көруді армандап едік. Туризмді дамыту мақсатында тек Астана мен Алматыда емес, Жәнібек Әлімханұлы, Шавкат Рахмонов сияқты спортшылардың турнирін өңірлерде өткізетін мүмкіндік бар ма? – деп сұрады Ринат Зайытов.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегі қарсыласының жарақатына байланысты кейінге шегерілгенін айтты.

Жәнібек Әлімханұлы бойынша болашақта мемлекет және азаматтардың қолдауымен елде бір жекпе-жегін өткізуді ойластырып жатырмыз, - деп жауап берді министр.

Ол этикалық мәселер бойынша сұрақтарды екінші оқылымға дейін талқылауға дайын екенін жеткізді.

Бұған дейін Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстанда спорт түрлері қалай іріктелетіні туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы