Қазақстанда жанармай қоры 30 күннен асады 

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары қор көлеміне әсер етпейді 

 ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 11:26
Бүгiн 2026, 11:26
197
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Қазақстанда мұнай өнімдерінің үш негізгі түрі бойынша жеткілікті қор бар. Бензин мен дизель отынының қоры 30 күндік тұтыну көлемінен асады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары да қор көлеміне әсер етпейді. Бұл туралы Үкімет отырысының кулуарында «ҚазМұнайГаз» басшысы Асхат Хасенов мәлімдеді.

Бүгінде мұнай өнімдерінің қоры жеткілікті. Бензин бойынша қорымыз 30 күннен асады. Дизель отыны бойынша да жағдай осыған ұқсас, - деді Хасенов.

Ол сондай-ақ қазір Атырау мұнай өңдеу зауытында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары жоспарлы екенін, оның көмірсутектерді қайта өңдеудегі қандай да бір іркілістерге қатысы жоқ екенін атап өтті. Жөндеу басталғанға дейін зауытта мұнай өнімдерінің қажетті қоры алдын ала жинақталған.

Бізде жөндеуге шығу жоспары алдын ала дайындалады. Бұл, өздеріңіз білетіндей, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына байланысты. Атырау зауытында жинақталған қор бар, ол өнімді өңірлерге де жеткізіп отыр. Ешқандай іркіліс жоқ, үш зауыт та жұмыс істеп тұр. Өңдеу көлемі бойынша олар шамамен бір-бірімен салыстырмалы деңгейде, - деп сендірді ҚМГ басшысы.

Наверх