Қазақстанда жанар-жағармай нарығы қалай реформаланады?

18 Наурыз 2022, 16:14
1681
Бөлісу:
Қазақстанда жанар-жағармай нарығы қалай реформаланады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Болат Ақшолақов жанар-жағармай нарығы қалай реформаланатынын айтты.

Министр Мемлекет басшысының жанар-жағармай нарығын реформалау жөніндегі тапсырмасы бойынша қандай шаралар қабылдау жоспарланып отырғанын түсіндіріп берді.

Бірінші, мұнай өнімдерін өндіру және бөлу саласында ашықтықты және транспаренттілікті қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда мұнай жеткізушілер мұнай өнімдерін соңғы сатушылар мен көтерме сауда жеткізушілеріне сатады. Бұл ретте көтерме сауда жеткізушілер ретінде меншік құқығында мұнай базалары бар тұлғалар ғана емес, жалдау құқығында мұнай базалары бар тұлғалар да әрекет етеді. Осыған байланысты, мұнай өнімдерін өткізу кезінде өнімсіз делдалдарды алып тастауды көздейтін түзетулер әзірленді, - деп айтты Ақшолақов.

Екіншіден, ҚазМұнайГаз базасында 150 мың тонна көлемінде және Қазақстан Темір Жолы базасында 50 мың тонна көлемінде ірі тұтынушыларда мұнай өнімдерінің резервтерін құру.

Үшінші, Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салуды 6 айға ұзарту бойынша бұйрық қабылдау. Төртінші, мұнай базаларын есепке алу-бақылау аспаптарымен жарақтандыру, - деп түсіндірді министр.

Өзгелердің жаңалығы