Қазақстанда жаңа экологиялық журнал шығарылды

14 Сәуір 2023, 20:45
1079
Бөлісу:
Қазақстанда жаңа экологиялық журнал шығарылды
Фото: Qazaq Geography баспасөз қызметі

Символдық "Qazaq Geography" аталған журналды "QazaqGeography" коммерциялық емес республикалық қоғамдық бірлестігі шығарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанда тарихи-мәдени және табиғи мұраға, ұлттық құныдылықты дамыту мәселелеріне, экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзекті сын-қатерлерге, география, этнография, өлкетану, биоалуантүрлілік саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жаңалықтарға, туризмді ілгерілетуге және Қазақстан халқының өзіндік ерекшелігін дәріптеуге арналған жаңа тоқсан сайынғы журнал шығарылды.

Символдық "Qazaq Geography" аталған журналды "QazaqGeography" коммерциялық емес республикалық қоғамдық бірлестігі шығарады және оған сараптамалық мақалалар, ғылыми-зерттеу жұмыстары және аталған барлық мәселелер бойынша жетекші мамандардың, ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің пікірлері енетін болады.

"Qazaq Geography" жаңа журналы үкіметтік емес ұйымдар, бизнес, мемлекет және қоғамға немқұрайлы қарамайтын азаматтар арасындағы байланыстырушы буын болмақ, халқымыз бен мемлекетіміздің тарихи-мәдени, табиғи және рухани мұрасын зерттеуге байланысты проблемалар мен мәселелерді, климаттың өзгеруі саласындағы сын-қатерлерді, биоалуантүрлілікті сақтау қажеттілігін, тұрақты даму мен ғылымды қажетсінетін мәселелерді талқылауға арналған алаң болады. Журнал белгілі әлемдік ғалымдармен, шетелдік географиялық қоғамдардың өкілдерімен және халықаралық ұйымдардың сарапшыларымен, сондай-ақ барлық сабақтас ғылымдардағы энтузиастармен ынтымақтастыққа ашылады.

«Qazaq Geography» басылымы Қазақстан үшін де, жалпы біздің өңір үшін де маңызды оқиға болып табылады. Біз бұл журнал мектеп оқушыларынан бастап әлемдік атқа ие ғалымдарға дейінгі барлық ұрпақтар арасында өз орнын алатындығына және барлық немқұрайлы қарамайтын азаматтардың материалдық және материалдық емес әлемдік мұраны сақтау мәселелеріне шынайы қызығушылығын тудыратындығына, осы құндылықтарды зерттеу, сақтау және болашақ ұрпаққа беру жөніндегі күш-жігерімізді біріктіреді деп үміттенеміз - деді Qazaq Geography төрағасы Асқар Мамин.

Журналдың бас редакторы Зарина Нұрланованың айтуынша, "Qazaq Geography" журналының бірінші санында климаттың өзгеруінің биоалуантүрлілікке әсері, тұрақты дамудағы жаңартылатын энергия көздерінің рөлі және қоршаған ортаның деградациясы мен халықтың денсаулығы арасындағы байланыс тақырыптары қамтылған. Журнал сонымен қатар қоршаған ортаны қорғаушылармен, саясаткерлермен және бизнес көшбасшыларымен сұхбаттарды ұсынады. Олар экологиялық мәселелерге қатысты соңғы көзқарастар мен шешімдер туралы талқылайды.

"Qazaq Geography" 10 000 данада баспа түрінде қолжетімді, ал мақалалар қазақ және орыс тілдерінде оқырмандарға қолжетімді болады. Қазір журнал болашақ басылымдарға арналған материалдарды қабылдайды және жоғарыда аталған барлық тақырыптар бойынша ғалымдардың, зерттеушілердің және сарапшылардың қосқан үлестерін құптайды.

Өзгелердің жаңалығы