Қазақстандықтардың жалақысы өсе ме? Үкімет жоспарын жариялады

Үкімет жалақы теңсіздігін азайту үшін бірқатар жаңа шара ұсынды.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 12:00
Бүгiн 2026, 12:00
159
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Үкімет халықтың табысын арттыруға және салалар, өңірлер мен қызметкерлер санаттары арасындағы жалақы айырмашылығын азайтуға бағытталған бірқатар шараны іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, елімізде орташа және медианалық жалақы арасындағы елеулі айырмашылық сақталып отыр.

2026 жылдың бірінші тоқсанында орташа және медианалық жалақы арасындағы айырмашылық 39,2%-ды құрады. Сондай-ақ салалар, өңірлер және қызметкерлер санаттары арасындағы еңбек табысының айырмашылығы әлі де жоғары деңгейде қалып отыр, – деді Азамат Әмрин.

Ведомство бұл мәселені шешудің бірнеше жолын ұсынып отыр. Атап айтқанда, ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру, өзара міндеттемелерді орындау арқылы жалдамалы қызметкерлердің табысын көбейту, азаматтық қызметшілердің жалақысын көтеру, СЭМ өндірістік персоналының орташа жалақысын ұлғайту, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақысын әр үш жыл сайын индекстеу ұсынылған.

Еске  салайық, бұған дейін Қаржы министрі Мәди Тәкиев елдегі орташа жалақы 442 мың теңгеге жеткенін айтқан болатын.

Наверх