2026 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге 5,3 трлн теңге бағытталды. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев 13 қазанда Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің айтуынша, мемлекеттік бюджет шығыстарының орындалуы 98%-ды құрап, қаржыландыру көлемі 26,2 трлн теңгеге жеткен.
Республикалық бюджет бойынша шығыстардың орындалуы 99,6%-ды құрады. Жалпы шығын көлемі 19,6 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде 5,3 трлн теңге зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге, 4,4 трлн теңге өңірлерді қолдауға, ал 2 трлн теңге нақты секторды қолдауға бағытталды, – деді Мәди Такиев.
Сонымен қатар жергілікті бюджеттердің шығыстары 96,3%-ға орындалған. Бұл – 11,9 трлн теңге. Ал игерілмеген қаражат көлемі 458,4 млрд теңгені құрады.
Министр келесі қаржы жылында өңірлерге берілетін трансферттер көлемі 1,2 трлн теңгеге ұлғаятынын да атап өтті.