- Мұқаба
- Жаңалықтар
- Қазақстанда Ұлттық денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды
Қазақстанда Ұлттық денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды
Жаңа кеңес денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіруді көздейді.
Бүгiн 2026, 13:03
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов 2026 жылғы 16 сәуірдегі өкімімен Ұлттық денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына 29 адам енген:
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – төраға.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі – төрағаның орынбасары.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры – хатшы.
Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі.
Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі.
Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министрі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі.
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары (келісім бойынша).
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары (келісім бойынша).
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» басқарма мүшесі (келісім бойынша).
Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі (келісім бойынша).
Қазақстан Республикасындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі (келісім бойынша).
Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының тұрақты өкілі (келісім бойынша).
Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықтың қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) өкілі (келісім бойынша).
Сондай-ақ ұлттық кеңестің ережесі бекітілді.
Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасында халықтың денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру барысында орталық және жергілікті атқарушы органдардың, халықаралық және өзге де ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылды.
Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері:
- халық денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;
- Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру және халықаралық және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
- денсаулық сақтау саласындағы негізгі бағыттарды айқындау бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Үйлестіру кеңесінің негізгі функциялары:
қоғамдық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша ведомствоаралық іс-шаралардың орындалуын талдау;
мына бағыттар бойынша ұсыныстар әзірлеу:
- халық денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;
- халық денсаулығын қорғау саласындағы мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін жетілдіру;
- денсаулық сақтау және қоғамдық денсаулық мәселелері бойынша реформаларды мониторингтеу және салааралық ынтымақтастықты күшейту;
- орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару органдары арасындағы жауапкершілікті бөлу тетіктерін әзірлеу;
- жергілікті деңгейде өзара іс-қимыл тетігін қалыптастыру, соның ішінде бизнес құрылымдардың әлеуметтік жауапкершілігін дамыту және үкіметтік емес ұйымдарды тарту;
- денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың халықаралық, қоғамдық және өзге де ұйымдармен тиімді өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығына ықпал ету.
Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі.