Қазақстанда туристік жарнаның мөлшері өзгереді

2 Наурыз 2023, 05:21
703
Бөлісу:
Қазақстанда туристік жарнаның мөлшері өзгереді
Фото: azh.kz

Қазақстанда шетелдіктерден туристік жарнаны есептеу принципі қайта қаралады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда шетелдік туристерден міндетті жарна — bed tax енгізілді. Өткен жылы ол алынбады, ал 2023 жылдың басында біздің еліміздің 30-дан астам қалалары мен аудандарында 1%-дан 5%-ға дейінгі мөлшерлемелер бекітілді.  

Алайда, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кәсіпкерлермен және қонақ үй бизнесінің өкілдерімен кездесулерінің қорытындысы бойынша туристік жарнаның мөлшерін қайта қарау туралы шешім қабылданды. Ол пайыздық арақатынаста емес, АЕК-ке сай есептеледі.  

Мәселен, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында bed tax 0,5 АЕК, қалған өңірлерде — 0,2 АЕК құрайды.  

Бизнес өкілдері қолданыстағы тәртіпке өзгерістер енгізу бойынша көптеген тартымды ұсыныстар берді. Біз кәсіпкерлерді тыңдап, жарнаны есептеудің жаңа қағидатын қоса алғанда бірқатар түзетулер әзірледік, - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

 

Өзгелердің жаңалығы