Қазақстанда тұмауға қарсы екпе қашан басталады

14 Қыркүйек 2023, 08:48
918
Бөлісу:
Қазақстанда тұмауға қарсы екпе қашан басталады
Фото: BAQ.KZ

Қазақстанда тұмауға қарсы екпе қашан басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 11 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің "2023-2024 жылдары эпидемиялық маусымына тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы" №6 қаулысына қол қойылды. Қаулы ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейді, - делінген құжатта.

Оның ішінде:

  • осы жылдың 1 қазанынан бастап тұмауға қарсы екпе жүргізу;
  • медициналық ұйымдарда кіре берісте "сүзгілердің" жұмысын қамтамасыз ету, маскаларды пайдалану, антисептиктердің болуы;
  • ЖРВИ, тұмау көріністерімен үйге шақыру бойынша жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға бірінші кезекте қызмет көрсету;
  • мектепке дейінгі балалар ұйымдарында күнделікті таңертеңгі сүзгіні жүргізу, ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды шеттету;

Орта білім беру ұйымдарында:

  • бір инкубациялық кезең ішінде сынып санынан бір сыныпта 20-дан 30%-ға дейінгі оқушылардың ЖРВИ ауруы жағдайларын тіркеу кезінде жалпы білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесінен бас тарту, күнтізбелік он күн ішінде сыныптарға жаңа балаларды қабылдауға тыйым салу ұсынылады;
  • бір инкубациялық кезең ішінде науқастардың жалпы саны 30% және одан көп ЖРВИ ауруы тіркелген жағдайда оқушыларды онлайн оқытуға ауыстыру жүзеге асырылады.
Өзгелердің жаңалығы