Қазақстанда тозығы жеткен қанша су қоймасы бар?

8 Ақпан 2023, 16:11
1528
Бөлісу:
Қазақстанда тозығы жеткен қанша су қоймасы бар?

Елімізде 10 ірі су қоймасы бар. Соның екеуі авариялық жағдайда тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Галидулла Азидуллин айтты.

Елімізде 10 ірі су қоймасы бар. Бүгінде барлық гидротехникалық құрылғы, оның ішінде барлық су қоймасы тексеруден өткізілді. Ондағы мәселені «Қазсушар» РМК-ның мамандары ғана емес, бассейндік инспекциялар және Төтенше жағдайлар министрлігі қарады, - деп айтты вице-министр.

Галидулла Азидуллиннің айтуына қарағанда, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында авариялық жағдайда тұрған 2 су қоймасы транзиттік режимге қойылды. 

Бұл су қоймайларында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дегенмен су тасқыны апаты болмауы үшін олар транизиттік режимге қойылды. Онда су жиналмайды, - деп түсіндірді Галидулла Азидуллин ОКҚ-да.

Қазақстанда мынадай ірі су қоймалары бар:

1. Бұқтырма, Шүлбі – Шығыс Қазақстан облысы;

2. Астана, Селеті, Чаглинка – Ақмола облысы;

3. Самарқант, Ынтымақ, Шерубай-Нұра су қоймасы – Қарағанды облысы;

4. Жоғары Тобыл, Қаратомар – Қостанай облысы.

Өзгелердің жаңалығы