Қазақстанда телефон алаяқтарын бақылайтын орталық құрылады

28 Ақпан 2024, 15:06
978
Бөлісу:
Қазақстанда телефон алаяқтарын бақылайтын орталық құрылады
Фото: BAQ.KZ - архив

Ұлттық банк жанынан алаяқтық операцияларға қарсы орталық құрылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық банк жанынан алаяқтыққа қарсы орталық құрылады. Ол жалған транзакцияларды бақылауға және болдырмауға, ақша аударымдары мен алаяқтардан түсетін қоңырауларды қадағалауға жауапты болады. Бұл қазақстандықтарға қарсы жасалатын алаяқтық схемалармен күресуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелердің бірыңғай платформасы іске асырылады. Енді жеке компаниялар азаматтардың деректерін сақтамайды, жұмыс кезінде олар мемлекеттік деректер базасына жүгінеді.

Өзгелердің жаңалығы