Елімізде студенттер жатақханасының инфрақұрылымы кезең-кезеңімен дамып келеді. 250-ден астам студенттер жатақханасының салынуы нәтижесінде орын тапшылығы алты есе қысқарды. Бұл туралы ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінде студенттердің 85%-ы жатақханамен қамтылған. Алдағы уақытта қазіргі орын тапшылығын толығымен жою жоспарланып отыр, – дейді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен бірге вице-министр жастардың білімге деген жаңа сұранысын қалыптастырып жатқанын атап өтті.
Жастардың 62,9%-ы білім беру жүйесінде жасанды интеллект технологияларын оқытуды маңызды деп санайды.
Осы бағытта цифрлық білім беру бағдарламалары дамытылып, Alem AI халықаралық жасанды интеллект орталығы мен жасанды интеллект саласындағы зерттеу университеті құрылып жатыр.
«Болашақ» бағдарламасында басымдық біртіндеп инженерлік, IT, медициналық және жаратылыстану-ғылыми мамандықтарға ауыстырылуда.