Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда сәбилердің денсаулығы қалай қорғалады?

19 Маусым 2025, 16:12
602
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

Бұл туралы ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директоры Мағрипа Ембергенова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен дөңгелек үстелде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, министрлік әр баланың дені сау, бақытты және қауіпсіз ортада өсуіне барлық жағдайды жасау жолында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Солардың ішінде Медициналық оңалту – мүгедектікке әкелетін қауіптердің алдын алуда, әсіресе ерте жастағы балалар үшін, аса маңызды рөл атқарады. Бұл кезеңде балалардың ағзасы қалпына келуге жоғары қабілетті болып келеді. Сондықтан оңалтуды уақтылы бастау – бұзылған функцияларды қалпына келтіруге ғана емес, баланың қоғамға бейімделуіне де мүмкіндік береді, - деп атап өтті ведомство өкілі.

Сондықтан медициналық оңалтудың қолжетімділігі мен сапасын арттыруға басымдық беріледі.

Бала дүниеге келген сәттен бастап мүгедектікке әкелетін екі ауру – туабіткен гипотиреоз және фенилкетонурияға неонаталды скрининг жүргізіледі. 96% жаңа туған сәби қамтылды. Сондай-ақ баланың есту қабілетінің бұзылуының алдын алу үшін аудиологиялық скрининг жүргіземіз, - деп атап өтті Мағрипа Ембергенова.

Сондай-ақ сәбилерге офтальмологиялық скрининг те жүргізіледі.

Тек 2004 жылы 8000 шала туған сәби ретинопатияға тексерілді. Қайырымдылық қорлары, соның ішінде "Аяла" қорының қолдауының арқасында елдегі перинаталдық орталықтар 100% офтальмоскоптармен қамтылды. 574 балаға көздің ішкі тор қабығына лазерлік коагуляцияға операция жасалып, 98% тиімділікті көрсетті. Бұрын бұл балалар көру қабілетінен айырылып, мүгедектер қатарын толықтыратын. Қазір 26 баланың нұрлы қабығы ауыстырылды, - деді Мағрипа Ембергенова.

Айта кетерлігі, 8 мыңнан астам сәби мамандандырылған офтальмологиялық көмекке қол жеткізген. Министрлік қазіргі таңда лазерлік коррекция әдісін де енгізу үстінде.

Еске салайық, бұған дейін елде жыл сайын 370 мыңдай сәби дүниеге келетінін жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы