Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары «Салық саясатының өзекті мәселелері және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Отырыс бір минут үнсіздікпен басталды. Сенаторлар мен шақырылғандар Абай облысындағы ауқымды өрттің салдарынан қаза тапқан қызметкерлерді еске алды.
Комитет төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов бүгінгі таңда салық саясатын жетілдіру, көлеңкелі экономика деңгейін төмендету, бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайту, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді қысқарту өзекті мәселелердің бірі екенін жеткізді.
Қазіргі уақытта жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр. Оның құрылымы мен жаңа идеологиясы ерекше болады. Ол адал салық төлеушілердің мүддесін қорғауға бағытталады. Сондай-ақ онда бизнесті ынталандыру шаралары көрініс тапқан және бірқатар жеңілдіктер жүйеленді. Әкімшілендіру қарапайым болады және ынта-ықыласқа баса назар аударылады, -деді сенатор.
Ұлттық экономика министрінің орынбасары Азамат Әмрин Салық кодексіндегі жаңа тәсілдер туралы айтып берді. Сондай-ақ Қазақстанда қымбат көлік иелерінен қосымша салық салынатынын жеткізді.
Бұл жерде үшін 50 миллион теңгеге жуық шекті белгілеуді жоспарлап отырмыз. Егер көліктің нарықтық құны осы шекті мәннен асып кетсе, акциздер арқылы қосымша салық салынады, -деді Азамат Әмрин.
Оның айтуынша, яхталардың 490-ы жеке тұлғаларға, 176-сы заңды тұлғаларға тиесілі. Сондай-ақ қазақстандықтардың меншігінде 248 ұшақ болса, тағы 665 ұшақ заңды тұлғалардың меншігінде екен.