Қазақстанда Құрылтай сайлауының нышандарымен безендірілген тәттілер шығарылды

19 Тамыз 2026, 13:36
АВТОР
 видеодан скриншот 19 Тамыз 2026, 13:36
19 Тамыз 2026, 13:36
166
Фото: видеодан скриншот

Ақтөбедегі танымал «Ваниль» кондитерлік желісі жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауына арналған тәттілердің шектеулі топтамасын шығаруды бастады. Өнімдер алдағы айтулы оқиғаның нышандары қолданылған арнайы үлгіде безендірілді.

«Ваниль» – Ақтөбеден шыққан танымал кондитерлік бренд. Компанияны 2009 жылы кәсіпкер Зауреш Иркиналинова құрған. Желі табиғи өнімдерден дайындалған пісірмелері, фирмалық торттары және шоколадты жент сияқты дәстүрлі тәттілерінің арқасында танымал болды.

Құрылтай депутаттарының тарихи сайлауы қарсаңында танымал бренд өнімдер қатарын арнайы үлгіде безендірілген торттардың шектеулі топтамасымен толықтырды. Өнімдер дауыс беру күніне дейін сатылымда болады.

Осы бастамасы арқылы «Ваниль» желісі алдағы сайлауға қолдау білдіріп, оның маңызын атап өтті. Фирмалық өнімдерін сайлау нышандарымен безендірген бренд тұтынушыларға маңызды оқиға мен дауыс беру күнін ерекше тәсілмен еске салды.

23 тамызға дейін қазақстандықтар арнайы безендірілген тәттілерден дәм татып, жағымдыны пайдалы іспен ұштастыра алады. Ал дауыс беру күні өз таңдауын жасап, азаматтық жауапкершілік танытып, елдің ортақ болашағына үлес қоса алады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ЖАҢАЛЫҚТАР, МӘСЕЛЕЛЕР, БРИФИНГТЕР (@rsk_aqtobe)

Наверх