Қазақстанда қандай азық-түлік бағалары қымбаттап жатыр?

12 Желтоқсан 2023, 19:22
14276
Бөлісу:
Қазақстанда қандай азық-түлік бағалары қымбаттап жатыр?
Фото: Артём Чурсинов - архив

Елімізде қандай азық-түліктің бағалары қымбаттады? Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Азық-түлік тауарларының құрылымында соңғы айда көкөніс пен жұмыртқаның, нан мен жарманың бағасы өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардан киім-кешек пен аяқкиім, көлік, дәрі-дәрмек бағасы көтерілді, – деді ол.

Ал ақылы қызметтерден – тұрғын үй коммуналдық қызметтер тарифінің, интернет пен әуе билеттерінің бағасы шарықтады.

Алдағы айларда жылдық инфляцияның бір мәнді көрсеткішке жетуі, яғни 10%-тік деңгейден төмен қалыптасуы күтіледі. Жылдық инфляция мен оған қатысты болжамдардың төмендеуі базалық мөлшерлемені 15,75%-ке дейін түсіруге мүмкіндік берді. Жекелеген факторлар мен тәуекелдер инфляцияны одан әрі тұрақтандыру үшін ақша-кредит талаптарын қазіргі деңгейде ұстап тұруды талап етеді, – дейді Тутушкин үкімет отырысында.

Өзгелердің жаңалығы