Қазақстанда орта бизнеске арналған жеке даму жоспары әзірленеді

Жоспарда бизнесті ұзақ мерзімге қаржыландыру, технологиялық жаңғырту және әкімшілік қысымды азайту шаралары қарастырылады. Сондай-ақ микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий енгізу мәселесі талқыланбақ.

 pixabay.com 29 Қазан 2026, 09:43
29 Қазан 2026, 09:43
140
Фото: pixabay.com

Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту жоспары әзірленеді. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, жоспарда ұзақ мерзімді қаржыландыру, технологиялық жаңғырту, бизнеске әкімшілік қысымды бәсеңдету тетіктері көрсетіледі.

Құрылтай депутаттарымен бірлесіп, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап микро- және шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге және профилактикалық бақылауға үш жылдық мораторий енгізу мәселесі қаралады. Халықтық цифрлық экономиканы құру шеңберінде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары маркетплейстерді, банктерді және логистиканы қоса алғанда, цифрлық сервистердің мүмкіндіктерімен біріктірілетін болады, - деп атап өтті вице-министр.

Сондай-ақ сыни экономикалық тәуелділіктерді басқаруда және сценарийлік талдауларды әзірлеуде жасанды интеллекттің заманауи технологиялары қолданылатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін Үкімет отырысында Олжас Бектенов «Халықтық құрылыс» бағдарламасы жұмыспен қамтуды арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал ететінін айтты.

Наверх