Олжас Бектенов: Президент Жолдауы – таяу перспективадағы ең мазмұнды бағдарламалық құжат

Олжас Бектенов «Халықтық құрылыс» бағдарламасы жұмыспен қамтуды арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал ететінін айтты.

 Үкіметтің баспасөз қызметі 29 Қазан 2026, 09:27
29 Қазан 2026, 09:27
149
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда жариялаған «Халықтық құрылыс» бағдарламасы жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шаралары қаралды.

Олжас Бектенов Президент Жолдауында ел дамуының басты мақсаты айқындалғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев “Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері” атты халыққа Жолдауында Әділетті, Күшті, Таза, Озық Қазақстанды құруды басты мақсат ретінде айқындады. Оған қол жеткізу үшін еліміздің мол әлеуеті мен қазіргі заманауи инновациялық жағдайларда беріліп отырған орасан зор мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалануымыз қажет.

Президент жариялаған ауқымды “Халықтық құрылыс” бағдарламасы экономиканың барлық саласындағы түбегейлі инфрақұрылымдық өзгерістер мен реформаларға жол ашады. Жалпыхалықтық жоба жұмыспен қамту деңгейін арттырып, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға үлкен серпін береді.

Бұл Жолдау – алдағы кезеңге арналған мазмұндық тұрғыдан ең ауқымды бағдарламалық құжат. Оны жүзеге асыру үшін нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуіміз керек, – деді Олжас Бектенов.

Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары бойынша мемлекеттік органдардың басшылары баяндама жасайды.

Наверх