Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі соңғы 25 жылдағы ең жоғары өсімді көрсетті

23 Қараша 2026, 11:06
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы 23 Қараша 2026, 11:06
23 Қараша 2026, 11:06
97
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Қазақстанда 2024 жылдан бері үш жыл қатарынан өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі тау-кен саласының көрсеткішінен асып түсті. Соңғы үш жылда өндіріс көлемі 14,5 пайызға өсті. Бұл туралы Құрылтайдағы Үкімет сағатында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, соңғы үш жылда өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі екі есе артып, 3 триллион теңгеге жеткен.

Ал биылғы он айдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 9,3 пайызға өсті, - деді ол.

Министр бұл көрсеткіш соңғы 25 жылдағы ең жоғары нәтиже екенін атап өтті.

Үкімет сағатында Ерсайын Нағаспаев өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларына да тоқталды.

Оның айтуынша, өңдеу өнеркәсібіндегі металлургия саласының үлесі 40 пайызды құрайды. Қазіргі уақытта бұл салада 109 мыңға жуық адам еңбек етеді.
Министр металлургияның ел экономикасындағы үлесімен қатар, халықты жұмыспен қамтудағы маңызы да жоғары екенін айтты.

Айта кетейік, Қазақстанда инвестиция ең көп құйылған сала аталды. 2023 жылдан бері Қазақстанда жалпы құны 4,6 триллион теңге болатын инвестициялық жобалар жүзеге асырылды. Іске қосылған кәсіпорындар осы кезеңде 6 триллион теңгенің өнімін өндіріп, оның үштен бірін экспортқа шығарған.

Наверх