Қазақстанда инвестиция ең көп құйылған сала аталды

23 Қараша 2026, 10:50
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы 23 Қараша 2026, 10:50
23 Қараша 2026, 10:50
145
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

2023 жылдан бері Қазақстанда жалпы құны 4,6 триллион теңге болатын инвестициялық жобалар жүзеге асырылды. Іске қосылған кәсіпорындар осы кезеңде 6 триллион теңгенің өнімін өндіріп, оның үштен бірін экспортқа шығарған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Құрылтайдағы Үкімет сағатында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, елімізде жаңа өндіріс орындарын ашу жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл жалпы құны 1,7 триллион теңге болатын 200 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Олардың нәтижесінде 17 мыңнан астам жұмыс орны ашылуға тиіс.

Қазіргі уақытта жоспарланған жобалардың 130-ы іске қосылған. Жаңа кәсіпорындар негізінен құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау және тамақ өнеркәсібі салаларында ашылған.

Инвестицияның ең көп көлемі машина жасау саласына бағытталған. Бұл бағытқа 1 триллион теңге, ал тамақ өнеркәсібіне 760 миллиард теңгеден астам қаржы салынған, – деді Ерсайын Нағаспаев.

Тағы оқи отырыңыз: Қазақстан неге өз шикізатынан дайын өнім өндірмейді? Құрылтайда импортқа тәуелділік мәселесі көтерілді 

Наверх