Қазақстанда неонаталдық өлім-жітім 4 есе төмендеді

9 Қыркүйек 2023, 18:16
995
Бөлісу:
Қазақстанда неонаталдық өлім-жітім 4 есе төмендеді
Фото: ДСМ баспасөз қызметі

БҰҰ, ДДҰ, ЮНИСЕФ және Дүниежүзілік Банктің бірлескен есебінің деректері бойынша 1990-2020 жылдардың аралығында Қазаөстанда неонаталдық өлім-жітім 4 еседен астам төмендеген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1000 тірі туылғандарға шаққанда 23,0-ден 5,0-ге дейін және бұл көрсеткіш Орталық Азия елдері арасында ең төмен болып табылады. Бұл туралы Түркістан облысында сарапшылардың қатысуымен неонаталдық көмекті ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар-кеңес барысында айтылды.

Неонаталдық көмек педиатрияның маңызды бағыттарының бірі болып табылады, оның міндеттері: өмірдің алғашқы 28 күніндегі балалардың ауруларын диагностикалау және емдеу болып табылады.

Жаңа туған нәрестеге медициналық көмек көрсету кезінде жағдайды барабар бағалау және өмірдің алғашқы сағаттарында дұрыс терапиялық тәсіл маңызды.

Бұл нәтижелерге тиімді перинаталдық күтім, емшек сүтімен қоректендіру, перинаталдық көмекті өңірлендіру қағидаттарын енгізу, босандыру ұйымдарын заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандыру, емдеу-диагностикалық мүмкіндіктерді кеңейту, тиімділігі дәлелденген дәрілік заттарды практикаға енгізу, елде де, шетелде де мамандардың біліктілігін арттырудың арқасында қол жеткізілді.

Қазақстандық медицина халықты сауықтыру, көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту, нәресте және неонаталдық өлім-жітімді төмендету мәселесінде айтарлықтай жетістіктерге жетті.

Мұның бәрі неонаталдық көмек көрсетудің барлық деңгейлеріндегі дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің тығыз және жанқиярлық жұмысының арқасында қол жеткізілді.

Мемлекет балаларға медициналық көмекті жетілдіру, көмектің сапасын жақсарту, ғылымның заманауи жетістіктерін, жаңа туған нәрестелердегі ауруларды емдеу мен диагностикалаудың жаңа тәсілдерін енгізу жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Іс-шараны Денсаулық сақтау министрлігі мен Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы кәсіби неонатологтар үшін тиімді алаң ретінде ұйымдастырды.

Өзгелердің жаңалығы