Қазақстанда медициналық бұйымдарды міндетті таңбалау 2027 жылы басталады: нарық қатысушыларына ескерту жасалды

Жаңа талаптарға сәйкес медициналық бұйымдардың тіркеу құжаттарына таңбалау коды түсірілетін орын көрсетілуі керек. Нарық қатысушыларына құжаттарын алдын ала жаңарту ұсынылды.

 istockphoto.com 22 Қараша 2026, 13:48
22 Қараша 2026, 13:48
31
Фото: istockphoto.com

Фармация комитеті медициналық бұйымдарды міндетті таңбалау алдында тіркеу құжаттарына өзгерістер енгізуді ұсынды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті медициналық бұйымдарды міндетті таңбалау және олардың айналымын қадағалау жүйесін енгізуге дайындық аясында нарыққа қатысушыларға тіркеу құжаттарына қажетті өзгерістерді алдын ала енгізуді ұсынады. Жүйені 2027 жылғы наурыздан бастап енгізу жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, тіркеу құжаттарында медициналық бұйымдарға сәйкестендіру құралдары (таңбалау коды) түсірілетін орын көрсетілуі қажет.

Нарыққа қатысушылардың жаңа талаптарға уақытылы дайындалуы үшін тиісті өтініштерді басым тәртіппен қарау бойынша ұйымдастыру шаралары қабылдануда. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдер шеңберінде сараптама жүргізу уақытын қысқарту көзделіп отыр.

Бұл шаралар қажетті рәсімдерден уақытылы өтуге, жаңа талаптарға дайындалуға және міндетті таңбалау жүйесіне көшу кезінде туындауы мүмкін кідірістердің алдын алуға бағытталған.

Осыған байланысты Комитет нарыққа қатысушыларға тіркеу құжаттарын жаңарту бойынша өтініштерді алдын ала беруді ұсынады.

https://www.gov.kz/org/kfmz/press/press-releases/details/21199?lang=kk

Наверх