Қазақстанда магистратураға қабылдау емтиханы басталды

22 Шілде 2023, 15:14
691
Бөлісу:
Қазақстанда магистратураға қабылдау емтиханы басталды
Фото: Арман Мухатов

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу 10 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, жалпы 43 мыңға жуық өтініш келіп түскен.

Тестілеу уақыты, күні және орны туралы ақпарат КТ-ға қатысушыларға 18 шілдеде жеке кабинет және sms-хабарлама арқылы хабарланды.

Айта кетейік, магистратураға түсушілер 13 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.

Кешенді тестілеуді тапсырып болғаннан кейін сертификатты жеке кабинеттің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде жүктеп алуға болады.

Ең көп таңдалған білім беру бағыттары - «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Бизнес, басқару және құқық».

Барлық қалаушылар үшін тіркеу бір жарым ай жүргізілді. Тіркелу барысында оқуға түсуші тестілеу орнын өзі таңдады. Емтихан бүгін басталып, 10 тамызға дейін жалғасады, - дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Грант конкурсына құжат 11-14 тамыз аралығында қабылданады.

Ал грант иегерлерінің тізімі 26 тамызға дейін жарияланады.

Өзгелердің жаңалығы