Қазақстанда кімдер тегін скринингтен өте алады? – ДСМ түсіндірді

Денсаулық сақтау министрлігі скринингтен өтудің мағыздылығын еске салады.

24 Шілде 2026, 16:38
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 24 Шілде 2026, 16:38
24 Шілде 2026, 16:38
136
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Қазақстан тұрғындары тіркелген емханасында профилактикалық скринингтік тексерулерден тегін өте алады, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Қай жаста қандай скринингтен өту керек?

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде келесі скринингтер жүргізіледі:

* 40–76 жас аралығында (әр 2 жыл сайын) – артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы және мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтауға арналған скрининг;

* 40–76 жас аралығындағы әйелдерге (әр 2 жыл сайын) –
сүт безі обырын ерте анықтауға арналған скрининг;

* 30–74 жас аралығындағы әйелдерге (әр 4 жыл сайын) –
жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған скрининг;

* 50–76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерге (әр 2 жыл сайын) – т
оқ ішек пен тік ішек обырын (колоректальдық обырды) ерте анықтауға арналған скрининг;

* 50–76 жас аралығындағы ерлерге (әр 2 жыл сайын) –
ми қан айналымы бұзылыстарын ерте анықтауға арналған скрининг.

Скрининг не үшін қажет?

Алматы қаласындағы №11 қалалық емхананың профилактика бөлімішесінің меңгерушісі Алёна Ришатовна Зекунованың айтуынша, көптеген қауіпті аурулар бастапқы кезеңде ешқандай белгі бермей өтеді.

«Скринингтік тексерулер ауруды алғашқы белгілері пайда болмай тұрып анықтауға мүмкіндік береді. Дерт неғұрлым ерте анықталса, емдеу соғұрлым тиімді болып, асқыну қаупі төмендейді. Сондықтан профилактикалық тексерулерден жүйелі түрде өтіп, денсаулығыңызға қамқорлық жасауды кейінге қалдырмаған жөн», – деді Алёна Зекунова.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, скринингтік тексерулер мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тегін жүргізіледі.

Айта кетейік, жас ерекшелігіңізге байланысты скринингке қатысты сұрақтарыңызды тіркелген емханаңыздағы учаскелік дәрігерден біле аласыз.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда темекі шегетіндер өкпе рагына тегін тексерілетіні хабарланды. 

Тағы оқи отырыңыздар:

Ата-аналар назарына: 17 жасқа дейінгі қыздарға АПВ екпесі тегін салынады

Балалар тісін жеке емханаларда тегін емдете алады

ДЦП диагнозы бар балалар мен созылмалы ауруы бар ересектер тегін медициналық көмек алады

Наверх