Қазақстанда инженерлік академия ашылды

15 Қазан 2023, 10:14
552
Бөлісу:
Қазақстанда инженерлік академия ашылды
Фото: Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі

Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде 7-11 сынып оқушыларына, сондай-ақ олардың ата-аналарына арналған инженерлік академияның таныстырылымы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, инженерлік академия шығармашылық ойлау мен инженерлік міндеттерді шешу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ оқушылардың инженерлік ғылымдарға деген қызығушылығын арттыруға ықпал ететін болады.

Инженерлік мектептің басты мақсаттарының бірі - дарынды жастарды, ең алдымен мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау және инженерлік мамандықтар мен оқу орындарын таңдау үшін тарту. Инженерлік мектеп барлық тілек білдірушілер үшін факультатив қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады. Олар үшін түрлі конкурстар мен олимпиадалар өткізілетін зертханалар қызмет көрсетеді, - деп жазды Ғылым және жоғары білім министрлігінен.

Ұйымдастырушылар іш пыстыратын дәрістер мен сабақтардан алыстап, академияға өз өмірін инженерияға арнағысы келетіндер ғана кіретіндей сабақтар құруды жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы