Қазақстанда инфляцияның деңгейі қаншаға жетуі мүмкін? – Экономист жауап берді

30 Наурыз 2022, 15:12
2165
Бөлісу:
Қазақстанда инфляцияның деңгейі қаншаға жетуі мүмкін? – Экономист жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасына сұхбат берген Экономикалық саясат институтының президенті Қайырбек Арыстанбеков айтты.  

Оның айтуынша, белгілі ресейлік сарапшы Ресейдегі жылдық инфляцияның деңгейі 70%-ға баратынын хабарлаған. 

Ресейде 70% болса, резервтегі тауарлар тапшылығы шамамен 2-3 айдан сезіле бастайды. Осыған қарағанда, біздегі импорттың 40%-ның Ресейге тиесілі екенін ескерсек, өзара байланыстылықты назарға алып, жылдық 7-8% инфляциямыз 15-20%-ға дейін баруы ықтимал, - деді институт президенті. 

Сонымен қатар ол дағдарысты мүмкіндік ретінде пайдалануға болады деп отыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Экономикалық саясат институтының президенті Қайырбек Арыстанбеков көршімізге салынған санкцияның Қазақстанға әсері  туралы айтқан еді. Ол алаңдайтын негіз түбегейлі жоқ дегенімізбен, ішінара бар екендігін алға тартты. Себебі сыртқы сауда бойынша олармен қоян-қолтық араласып жатқанымызды мысалға келтірді. Өйткені біге Ресейден келетін импорттың үлес салмағы 40%-ды құрайтыны белгілі. 

Өзгелердің жаңалығы