Көршімізге салынған санкцияның Қазақстанға әсері бар ма? - Сарапшы жауабы

30 Наурыз 2022, 13:54
2137
Бөлісу:
Көршімізге салынған санкцияның Қазақстанға әсері бар ма? - Сарапшы жауабы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасына сұхбат берген Экономикалық саясат институтының президенті Қайырбек Арыстанбеков айтты. 

Белгілі экономист Ресейде салынған санкциялардың еліміздің экономикасына қаншалықты қатысы бар деген мәселеге тоқталды. 

Алаңдайтын негіз түбегейлі жоқ дегенімізбен, ішінара бар. Оны мойындау керек. Сыртқы саудамызбен қоян-қолтық араласып жатырмыз. Бізге Ресейден келетін импорттың үлес салмағы 40%-ды құрайды екен, - деп атап өтті сарапшы. 

Сонымен қатар ол экономика саласындағы кейіннен пайда болған жаңа сөзді түсіндірді. 

Қазір тоталитарлық, авторитарлық, жартылай тоталитарлық мемлекеттерде «бюджеттік партизан» деген жаңа ұғым пайда болды. Бұл бір айдың ішінде ғана енген тың ұғым. Олар жалпақ тілмен айтқанда, бюджетті «сауын сиырға» айналдырғандар. Оларды реттеу қажет, - деді Қайырбек Арыстанбеков. 

Естеріңізге сала кетейік «Желмая» жобасының  қонағы Экономикалық саясат институтының президенті  Қайырбек Арыстанбеков болған еді.

Өзгелердің жаңалығы