2026 жылғы сәуірде Қазақстандағы жылдық инфляция наурыздағы 11%-ға қарағанда 10,6%-ды құрады.
Бұл Ұлттық статистика бюросының деректерінен белгілі болды. Бағаның айлық өсімі наурыздағы 0,6%-дан 0,8%-ға дейін жеделдеді.
Баяулауды азық-түлік тауарлары мен қызметтер қамтамасыз етті. Азық-түлік инфляциясы 11,7%-дан 11,3%-ға дейін, ақылы қызметтер тарифтерінің өсімі 10%-дан 8,9%-ға дейін төмендеді. Азық-түлік емес тауарлар, керісінше, 11,3%-дан 11,7%-ға дейін жеделдеді.
Жылдық көрсеткішке негізгі үлесті үш санат қосты: тамақ өнімдері және алкогольсіз сусындар (4,5 пайыздық тармақ), көлік (1,1 п.т.) және жеке күтім мен өзге де қызметтер (1 п.т.).
Азық-түлік себетінің ішінде мал шаруашылығы тобында айтарлықтай өсім сақталуда: ет пен құс еті бір жылда 18,4%-ға, шұжық өнімдері 17%-ға, алкогольсіз сусындар 17,2%-ға, қышқыл сүт өнімдері 14,8%-ға, жеке пайдалану тауарлары 13,7%-ға, ірімшік пен сүзбе 13%-ға қымбаттады. Тежеуші әсерді 15,1%-ға арзандаған көкөністер мен 38,3%-ға төмендеген суық су тарифтері көрсетті, - делінген статистика бюросының мәліметінде.
Азық-түлік емес тауарлардың ішінде бензин ерекшеленген. Жалпы көрсеткішке 0,53 п.т. үлес қоса отырып, ол бір жылда 16,1%-ға өсті. Ақылы қызметтер санатында ең көп әсерді тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы және газ (5,3% өсім кезіндегі үлесі 0,58 п.т.), сондай-ақ тұрғын үйді жалға алу – 12,1%-ға өсім көрсетті.
Республикалық орташа деңгей 10,6% болған кезде, Солтүстік Қазақстан облысында инфляция 13,4%-ға, Ұлытауда – 12,9%-ға, Ақмола облысында – 12,7%-ға, Павлодар облысында – 12%-ға жетті. Ең төменгі мәндер Астанада (8,8%) және Алматыда (9,9%) тіркелді. Бір жыл бұрын жағдай керісінше болатын: 2025 жылғы сәуірде Астана 13,8%-бен инфляция бойынша көш бастап тұрса, Павлодар облысы 7,6%-бен ең тұрақты аймақтардың бірі болды, - делінген хабарламада.
Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша келесі отырысы 5 маусымда өтеді.
Еске салайық, бұған дейін BAQ.KZ тілшісі сөре мен шындықты бағамдап, бекітілген баға мен базардағы айырмашылық қандай екенін зерттеген болатын.
Тағы оқи отырыңыздар:
Астанада азық-түлік бағасына қатаң бақылау енгізілді
Инфляция 11%-ға түсті: Азық-түлік неге бәрібір қымбат?
Азық-түлік арзандады: Қазақстанда қай өнімдердің бағасы түсті?