Қазақстанда ЕҚДБ қатысуымен құны $11 млрд-тан асатын 300-ден астам жоба сәтті іске асырылды

31 Қазан 2024, 18:25
287
Бөлісу:
Қазақстанда ЕҚДБ қатысуымен құны $11 млрд-тан асатын 300-ден астам жоба сәтті іске асырылды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Олжас Бектенов ШИК отырысына қатысушылармен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында Үкімет деңгейіндегі отырысқа қатысушылармен бірқатар кездесу өтті. Бірлескен инвестициялық жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық, мұнай-газ саласы мен энергетика секторындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. 

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесуінде ЕҚДБ-ның ірі инфрақұрылымдық жобаларға, оның ішінде 2029 жылға дейінгі ұлттық инфрақұрылымдық жоспар шеңберінде қатысу перспективалары қаралды. Жалпы, Қазақстанда ЕҚДБ қатысуымен құны $11 млрд-тан асатын 300-ден астам жоба сәтті іске асырылды, ең ірі жобалардың бірі – ҮАААЖ. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және МЖӘ жобаларын іске асыру саласындағы өзара іс-қимылға назар аударылды. Осы бағытта ЕҚДБ Көкшетау қаласында 630 төсек-орындық көпбейінді аурухана құрылысын қаржыландырады. Үкімет бүгінде халықаралық қаржы институттарын тарта отырып, толық жүзеге асыратын ауқымды МЖӘ жобаларының пулын дайындау бойынша жұмыс жүргізуде, - делінген хабарламада. 

Бұдан басқа, экономиканы көміртегінен арылту және көлік-логистика саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру, оның ішінде Орта дәлізді дамытуға бағытталған және басқа да мәселелер қаралды.

Қазақстанда ЕҚДБ қатысуымен құны $11 млрд-тан асатын 300-ден астам жоба сәтті іске асырылды

Әлемдік жетекші энергетикалық корпорациялардың өкілдерімен ұжымдық кездесу барысында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қаралды. Жиынға Shell Plc. атқарушы вице-президенті Питер Костелло, ExxonMobil дәстүрлі кен және ауыр мұнай өндіру жөніндегі аға вице-президенті Джон Уилан, TotalEnergies Exploration&Production Азия-Тынық мұхиты өңірі бойынша аға вице-президенті Чарльз Фернандес, Eni S.p.A табиғи ресурстарды барлау және өндіру жөніндегі директоры Лука Виньяти қатысты. 

Компаниялар еліміздегі ең ірі қайраңды мұнай-газ жобасы – Қашаған кен орнын игеруге қатысатын NCOC консорциумының құрамына кіреді. Мұнай-газ компанияларының өкілдері инвестициялық жобаларды іске асыру үшін кең мүмкіндіктерді атап өтіп, мұнай-газ секторындағы ұзақмерзімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бейілділігін жеткізді. Қазақстан Үкіметі барлық айқын мәселелерді шешуде ашық әрі сындарлы диалогқа дайын екендігін растады. Талқылау қорытындысы бойынша жиынға қатысушылар кен орнын игерудің келесі кезеңдерін (А2 және Б2) уақтылы іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы