Қазақстанда электр желілеріндегі апаттылық 13%-ға азайды

2026 жылы тағы 17 мың шақырым электр желісін жөндеу жоспарланған.

 freepik Бүгiн 2026, 08:54
Бүгiн 2026, 08:54
111
Фото: freepik

Қазақстанда электр желілерін жаңғырту жұмыстары жалғасып, саладағы апаттылық көрсеткіштері төмендеп келеді. Бұл туралы Энергетика министрлігі «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды қорытындылай отырып мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның дерегінше, 2025 жылы республика бойынша 17 мың шақырым электр беру желілері мен 420 қосалқы станцияға күрделі жөндеу жүргізілген. Нәтижесінде желілердің тозу деңгейі 66%-ға дейін төмендеп, электр жүйесіндегі технологиялық бұзушылықтар саны 13%-ға азайды. Бұл шамамен 3140 апаттық жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берген.

Жаңғырту жұмыстары биыл да жалғасады. 2026 жылы тағы 17 мың шақырым электр желісін жөндеу жоспарланған. Ауқымды жұмыстар еліміздің барлық өңірін қамтиды: Павлодар, Ақмола, Жамбыл, Ұлытау, Қарағанды облыстарында мыңдаған шақырым желі жаңартылады.

Сонымен қатар 444 қосалқы станция, 3,4 мың тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы станцияларды жөндеу көзделген.

Министрлік мәліметінше, бұл шаралар электр желілерінің орташа тозу деңгейін 65%-ға дейін төмендетуге, электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға және елдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын күшейтуге мүмкіндік береді.

Наверх