Қазақстанда екінші АЭС салу бойынша соңғы шешім қай кезде қабылданатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.
Менің ойымша, (шешім – ред) күзде қабылданады. Күзде цифрлар, қандай да бір деректер белгілі болады. Бәлкім, одан да ертерек уақытта (белгілі болуы – ред.) мүмкін, - деді Роман Скляр "Орталық Азия – Қытай" екінші саммитінің кулуарында журналистерге берген сұхбатында.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстан АЭС құрылысы жобасы бойныша қытайлық CNNC компаниясын сенімді стратегиялық серіктес ретінде қарастыратын айтқан.
Сондай-ақ Үкімет басшысының бірінші орынбасарының айтуынша, жоба қытайлық компанияның қатысуымен және оның техникалық қолдауымен іске асырылады.
Екі АЭС-тің де нақты мерзімі мен құрылысының құны техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеген соң белгілі болады. Алаңды таңдау процесі ұзаққа созылмайды деп ойлаймыз, - деді Роман Скляр.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы екінші АЭС қайда салынатыны және Ресей Қазақстандағы АЭС-ті 12 жылда салып бітетіні айтылған.