Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда доллар бағамы күрт төмендеді

24 Маусым 2025, 17:42
1104
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив/ Арман Мухатов
Фото: BAQ.KZ - архив/ Арман Мухатов

Бүгін, яғни 24 маусым күні сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 519,26 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,84 теңгеге төмен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Рубль бағамы 6,64 теңге болды (−0,01).

Қытай юанінің таңертеңгі саудадағы орташа бағамы 72,51 теңгені құрап, 0,34 теңгеге төмендеді.

Валюта айырбастау пункттерінде долларды 519,5-522 теңге аралығында сатып алып/сатуда.

Еуро – 602-605 теңге,

Рубль – 6,55-6,62 теңге аралығында сатылып жатыр.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 523,46 теңге, еуро – 600,04 теңге, рубль – 6,69 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы