Қазақстанда балық шаруашылығын қалай дамытуға болады?

Судың сапасы – балықтың өсуі, көбеюі және денсаулығы үшін негізгі фактор.

 "Ауыл" партиясы Бүгiн 2026, 19:06
Бүгiн 2026, 19:06
225
Фото: "Ауыл" партиясы

Қазақтанда балық шаруашылығы дәстүрлі аулау тәсілінен заманауи, технологияға негізделген аквакультураға көшуге бет бұрып келеді. Бүгінде бұл шаруашылық табиғи су қоймаларынан балық аулаумен шектелмей, дәл есеп пен автоматтандыруға негізделген салаға айналуда.

Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаевтың айтуынша, өндірістік балық өсіруде жабық су айналымы жүйелері ерекше рөл атқарады.

Жүйеде су қайта тазартылып, қайта пайдаланылады. Бұл су үнемдеуге, қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға және өндірісті толық бақылауға мүмкіндік береді, - дейді ол.

Қазіргі таңда «Ақылды ферма» ұғымы да енгізілуде. Түрлі сенсорлар судың температурасын, оттегі мөлшерін, қышқылдығын үздіксіз бақылайды. Ал көпдеңгейлі аквакультурада балықпен бірге балдырлар немесе моллюскалар өсіріліп, табиғи тепе-теңдік сақталады.

Технологиямен қатар, су ресурстарын тиімді пайдалану маңызды. 

Судың сапасы – балықтың өсуі, көбеюі және денсаулығы үшін негізгі фактор. Сондықтан, су сапасын басқару, экологиялық тепе-теңдікті сақтау, су ресурстанын жоспарлау қажет, - дейді депутат.

Балық қорын қорғау және көбейту мәселесі де бүгінде өзекті. Ол үшін балық аулау заңдарын сақтау, су айдындарын ластамау және браконьерлікпен күресті күшейту қажет.

Қазақстанда балық шаруашылығы заңмен реттелген. Оларда балық аулау тәртібі, лицензия алу, квота бөлу, су айдындарын пайдалану ережелері көрсетілген. Дегенмен, Серік Егізбаевтың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстардың әлі де жетілдіру қажет.

Мәселе заңның бар-жоғында емес, оның қаншалықты тиімді жұмыс істейтінінде. Мысалы, кейбір өңірлерде бақылау әлсіз, ал браконьерлік әлі де белең алған, - дейді ол.     

Экспортқа келсек, Қазақстан балық өнімдерін сыртқы нарыққа шығара бастады. Негізінен мұздатылған балық пен филе, әсіресе көксерке сұранысқа ие. Өнімдер Еуропаға, Ресей мен Қытайға экспортталады. Соған қарамастан, Қазақстан теңіз өнімдері бойынша импортқа тәуелді.

Аквашаруашылық туралы» заң салаға серпін беріп, балық шаруашылықтарының саны мен өндіріс көлемі артты. Қазір өңделген өнімдерді экспорттауға басымдық берілуде, өйткені қосылған құны жоғары өнім көбірек табыс әкеледі, - дейді депутат.

Оның пікірінше, Қазақстанның географиялық орналасуы да үлкен мүмкіндік береді.

Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасқандықтан, ірі нарықтарға шығу мүмкіндігі бар. Ресей мен Қытай сияқты алып көршілердің болуы да экспортты дамытуға қолайлы жағдай жасайды, - деп қорытындылады ол.

Наверх