Қазақстанда автогаз тапшылығы болуы мүмкін бе? – сарапшы пікірі

Асқар Исмаилов өндіріс жағдайын бағалап, оқиғалардың алдағы уақытта қалай өрбуі мүмкін екенін болжады.

14 Тамыз 2026, 17:20
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 14 Тамыз 2026, 17:20
14 Тамыз 2026, 17:20
120
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Биыл КҚК-ға жасалған резонансты шабуылдар салдарынан Қазақстан автогаз дағдарысына тап болуы мүмкін бе? Осы жағдайға байланысты биыл елдегі ең ірі мұнай-газ кен орнында өндіріс көлемі де қысқартылған еді. Бұл мәселені BAQ.KZ редакциясына The Global Gas Centre (Женева) ұйымының Орталық Азия бойынша кеңесшісі Асқар Исмаилов түсіндіріп берді.

«Теңізшевройл» компаниясы Қазақстандағы пропан мен сұйытылған көмірсутек газының ең ірі өндірушісі саналады. Сарапшының айтуынша, компанияның үлесіне республикадағы жалпы өндірістің шамамен 40%-ы тиесілі. Сондықтан КҚК жұмысының тұрақсыздығына немесе оның толық тоқтауына байланысты Теңіз кен орнында мұнай өндіру ұзақ уақытқа төмендесе, бұл сөзсіз сұйытылған көмірсутек газының өндірісіне және ішкі нарықты автогазбен қамтамасыз ету мүмкіндігіне әсер етеді.

«Сонымен қатар КҚК жұмысындағы қысқа мерзімді іркілістердің өзі тапшылыққа әкелмеуі тиіс. Нарық мұндай жағдайды қор есебінен, жеткізілімдерді қайта бөлу, экспортты қысқарту және өнеркәсіптік тұтынушыларға бағытталатын көлемді уақытша түзету арқылы өтей алады», – деп атап өтті Асқар Исмаилов.

Сарапшының сөзінше, дәл КҚК-ға байланысты автогаз тапшылығы экспорттық бағыт ұзақ уақытқа тоқтаған жағдайда ғана туындауы мүмкін. Мұндай кезде мұнай резервуарларының толып қалуы «Теңізшевройлды» бірнеше апта бойы өндіріс пен өңдеу көлемін айтарлықтай шектеуге мәжбүр етеді. Жыл басындағы шығынның орнын толтыру үшін компания биыл күрделі жөндеу жүргізуден бас тартуы ықтимал. Бұл автогаз нарығының тұрақтылығына оң әсер етеді.

«Қазір Теңіздегі өндіріс қалыпты деңгейге жуықтап қалпына келіп келеді. Сондықтан ел көлемінде автогаз дағдарысы болады деп күтуге тікелей негіз жоқ. Алайда Теңіз кен орнындағы екі апат өндірістік қуаттардың осал тұсын көрсетті. Ал Қара теңіздегі танкерлерге бақылаусыз жасалып жатқан шабуылдар КҚК жұмысының толық тоқтауына әкелуі мүмкін. Бұл Қазақстан мен Орталық Азиядағы автогаз нарығына тиісті салдарын тигізеді», – деді Асқар Исмаилов.

Наверх