Қазақстанда астрохаб құрылады

3 Тамыз 2023, 03:35
779
Бөлісу:
Қазақстанда астрохаб құрылады
Фото: baq.kz

Қазақстан IAWN астероид қаупін алдын алудың халықаралық ұйымына мүше болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен жұмыс істейтін мекеме әртүрлі елдердің ғылыми топтарын біріктіреді. Қазақстан Асы-Түрген үстіртіндегі обсерваторияға ШОС-400 кеңбұрышты жаңа телескопты орнатқан соң осы ұйымға мүше болуға мүмкіндік алды. Көлемі шағын, бірақ заманауи құрал қазақстандық астрофизиктерге бірнеше жаңа ғылыми бағдарламаны қатар алып жүруге мүмкіндік береді. Бірінші міндеті, жақын ғарышты бақылап, Жерге таяп келе жатқан аспан денелерін табады. Ғарыштағы нысандарды зерттеу Челябі метеоритінен кейін өзекті бола түсті. Екінші бағыты – ғарыштағы қоқыстардың орбиталық спутниктермен соқтығыспауын қадағалау. Телескопты интернет-хаттамалар арқылы қашықтан басқаруға болады. Бұл ғылыми жобалардың халықаралық маңыздылығын күшейте түседі.

Мұндай мәліметтерге әуелі «Қазақстан ғарыш сапары» компаниясы тапсырыс береді деп ойлаймын. Себебі олар – Жерді қашықтан зерттейтін төменгі орбитада ұшатын біздің спутниктердің негізгі операторы. Қазір төменгі орбитада мыңдаған спутник бар. Сондықтан өзге мемлекеттердің операторлары да біздің қызметімізге жүгінеді деп жоспарлап отырмыз, - дейді В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институттың директоры Шыңғыс Омаров.

Өзгелердің жаңалығы