Қазақстанда әскери қызметін өтеуден кім босатылады?

27 Қаңтар 2023, 16:23
1211
Бөлісу:
Қазақстанда әскери қызметін өтеуден кім босатылады?
Фото: gov.kz

Қарулы Күштер бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің офицері, подполковник Руслан Тапашев кім әскери борышын өтеуден босатылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мерзімді әскери қызметті өткеруден мерзімі кейінге қалдырылатын азаматтар қатарына денсаулық жағдайы бойынша, білімін жалғастыру үшін, отбасы жағдайы бойынша және 27 жасқа толған заңды негізде әскерге шақырылған азаматтар санаты да әскери қызметтен босатылады, - деп айтты ол.

Сонымен қатар тіркелген діни бірлестіктердің өкілдері де әскерден босатылады. Онымен қоса басқа мемлекеттерде баламалы әскери қызмет өткерген азаматтар да әскери қызметтен босатылады.

Ал кімдердің әскери қызметі кейінге қалдырылады?

- азаматтық авиация саласында қызмет атқаратын азаматтар. Олар: механик, техниктер, ұшқыштар;
- су кемелері қызметкерлері;
- педагогтер;
- дәрігерлер.

Отбасы болған және баласы бар азаматтар заң бойыншк әскери қызметтен босатылады. Әскерге шақыру шешімін жергілікті атқарушы органдарц құрған әскери комиссия шешімімен шақырылады. Ал егер азаматқа әскери шақыру келсе, онда ол әскерге шақыру пунктіне баруы керек, - деп түсіндірді Тапашев ОКҚ-да брифингтен кейін журналистердің сұрағына жауап бергенде.

Өзгелердің жаңалығы