Қазақстанда алғашқы көмір химиясы кешені құрылады: Мемлекет басшысына жаңа жоба ұсынылды

 Ақорда 2 Қараша 2026, 15:24
2 Қараша 2026, 15:24
143
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына №8 және №9 жаңа кокс батереяларының құрылысы жөнінде баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президентке аталған жоба Qarmet компаниясының ірі инвестициялық бастамаларының қатарына енетіні айтылды.

Оның аясында жаңа кокс өндірісі қуатын жүзеге асыру қарастырылып отыр. Мұндай ауқымдағы құрылыс комбинатта соңғы бірнеше онжылдықта болмаған.

Бас технологиялық серіктесі – ACRE Coking & Refractory Engineering Consulting Corporation компаниясы.

Екі батереяның жалпы жобалық қуаты жылына 1,5 миллион тонна құрғақ кокс өндіруге жетеді. Әр батереяда камерасының биіктігі 7,6 метр болатын 54 кокс пеші жұмыс істейді.

Жаңа агрегаттар домна пешін осында өндірілетін кокспен тұрақты түрде қамтамасыз етуге, оның сапасын ұдайы сақтауға және экологиялық қауіпсіздіктің анағұрлым жоғары деңгейде болуына мүмкіндік береді.

1960-1970 жылдары пайдалануға берілген өндіріс қуатын алмастыратын батереяларды келесі жылы іске қосу жоспарланып отыр.

Осылайша, Қазақстанда кокстеу өнімдерін терең өңдейтін алғашқы көмір химиясы кешені құрылады.

Еске салсақ, бұған дейін Президент Теміртаудағы жаңартылған трамвай желісімен танысты. Мемлекет басшысы трамваймен Республика даңғылынан «Инженер» аялдамасына дейін жүріп өтіп, атқарылған істің сапасын және жаңартылған көлік инфрақұрылымының пайдалануға толығымен әзір екенін көрді.

Тағы оқи отырыңыз: Қазақстанда алғашқы көмір химиясы кешені құрылады: Мемлекет басшысына жаңа жоба ұсынылды 

Қасым-Жомарт Тоқаев: Теміртау үшін трамвай – заманаларды байланыстыратын дәнекер іспеттес 

Qarmet өндірісіне 2,7 млрд доллар инвестиция салынды: Тоқаевқа не баяндалды?

Наверх