Қазақстанда 907 аккредиттелген сынақ зертханасы бар – Сұлтанов

28 Желтоқсан 2021, 16:45
1385
Бөлісу:
Қазақстанда 907 аккредиттелген сынақ зертханасы бар – Сұлтанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Өнім өндірілгеннен, айналымнан, тұтынудан бастап кәдеге жаратуға дейінгі өмірлік циклды реттейтін маңызды сала. Сондықтан бұл сала өндірушілердің, тұтынушылардың және мемлекеттің ерекше назарын аударады, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Өткен жылы "Техникалық реттеу туралы" жаңа заңның күшіне енуі маңызды оқиға болды. Заң алдыңғы қатарлы халықаралық трендтер мен практикаларға сәйкес келетін реттеу тетіктерін енгізуге ғана емес, ең бастысы, мемлекеттік бақылауды жандандыруға мүмкіндік берді. Ағымдағы жылдың 11 айында біз қауіпсіздікке сәйкестігі туралы құжаттарды заңсыз ресімдеудің 1,5 мыңға жуық жағдайын анықтап, шаралар қабылдадық. Біз 187 "сұр" сәйкестік сертификатын, 426 сәйкестік декларациясын және өлшеу құралдарын тексеру туралы 664 сертификатты анықтадық және қайтарып алдық, - деп жазды ол.

Жалпы айыппұл сомасы 71 млн теңгеден асты.

Нарықты жалған құжаттармен өнімдерден тазарта отырып, біз сонымен қатар зертханалық базаны және сертификаттау жөніндегі органдарды дамытамыз. Бүгінгі таңда Қазақстанда 907 аккредиттелген сынақ зертханасы және 77 сәйкестікті растау жөніндегі орган тіркелген. Біздің 69 Сәйкестікті растау жөніндегі орган мен 333 сынақ зертханалары Еуразиялық одақ кеңістігінде танылатыны маңызды. Барлық Сәйкестікті растау жөніндегі орган да бақылауда. Жылдың басынан бері "сұр" сертификаттарды берген үшін 3 Сәйкестікті растау жөніндегі орган аккредиттеуден айырылды, - деп жазды ол.

Бұл сапа стандарттары мен техникалық регламенттерге сәйкестікте "жалғын" құжаттардың салдарынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының күмәні себебінен азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайлардың барлығы.

Соңғы мысалдардың бірі: бірнеше аймақта «Антифриз» сатушылары жауапқа тартылды, олар кристалдану температурасы -35 болатын сұйықтық түрінде -10 температурасында қатып қалатын заттарды сатты. Мұндай антифризді көлікке құйып, қыста жолға шыққан жағдайды елестетіп көріңіз. Машина кез келген уақытта тұрып қалуы айдан анық. Біздің аязда бұл жағдай жай ғана қолайсыздық емес, адам өміріне тікелей қауіп төндіреді.

Мұндай контрафактілік өнімдер анықталған кезде біз айыппұл салып, ең бастысы, өнімді нарықтан алып тастап, одан әрі сатуға тыйым саламыз.Сонымен қатар, біз басқа сатушылардан осы өнімге мониторинг жүргіземіз және оның нәтижелері бойынша ұқсас өнімді сатуды өз еркімен қайтарып алу құқығымен ұсыныстар жібереміз. Сәйкестік құжаттарын беру кезінде "адами факторды" болдырмау үшін біз осы саланы цифрландырдық, - деді ол.

28 маусымнан бастап сертификаттар мен декларация экспорттық-импорттық операциялар үшін Қазақстан Республикасының бірыңғай терезесі арқылы алынады.

 Осылайша 42 мыңнан астам құжат берілді. 24/7 онлайн режимінде сертификаттауға өтінім беру және қабылдау, өнімді айналымға шығару кезінде оның қадағалануын қамтамасыз ету мүмкіндігі пайда болды. Онлайн режимде біз сондай – ақ сәйкестікті бағалау саласын ауыстырғымыз келеді- соған орай пилоттық жобаны іске қостық. Бұл да барлық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Техрегламенттер бойынша белсенді жұмыс істеудеміз. Кедендік одақ аясында 52 КО / ЕАЭО Техникалық Регламент қабылданды, 44-і күшіне енді. Оның ішінде 10 құжат ҚР әзірленді. Биыл біз стандарттау және метрология институты базасында үйлестіру орталығын құрдық. Орталық экономика салаларының технологиялық қайта жарақтандыруға дайындығы призмасы арқылы жаңа техрегламенттерді енгізу мүмкіндіктеріне талдау жүргізеді. Бұл өте маңызды, - деді Сұлтанов.

Биылғы жылдың тағы бір жаңалығы: біз бизнестің шетелдік стандарттарды тікелей қолдану мүмкіндігін заңдастырдық. Жаңа стандарттарды әзірлеу мен бейімдеудің қажеті жоқ. Жалғыз талап: шетелдік стандарт ҚР-да қолданылатын техрегламенттерге сәйкес келуі. Бұл жаңашылдық бизнеске құжаттардың 1000-нан астам түрін пайдалануға мүмкіндік және жылына 7,5 млрд.теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Болашаққа жақын жоспарларда-техникалық реттеу жүйесін жетілдіруді жалғастыру және стандарттау призмасы арқылы ішкі нарықтағы тауарлардың сапасын жақсартуға ұмтылу. Келесі жылы біз кем дегенде 340 стандарт әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, қауіпті өнімнің ел аумағына кіруін шектеу үшін оның тізілімін қалыптастыруды аяқтау мақсаты тұр. Экспортты қолдау үшін "Халал", органикалық өнім, Global G. A. P шетелдік сертификаттау жүйелерінде аккредиттеуден өтуді қалайтын сәйкестікті растау жөніндегі органдарға жәрдемдесетін боламыз.

Министрлік қызметінің саласына, соның ішінде техникалық реттеуге қатысты барлық мәселелерде бизнесті бірлескен жұмысқа шақырамыз. Қазақстан нарығында өнімдер мен қызметтердің сапасын жақсарту – біздің ортақ міндетіміз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы