Қазақстанда 85 мың теңгеге өмір сүруге бола ма?

14 Тамыз 2023, 13:04
1637
Бөлісу:
Қазақстанда 85 мың теңгеге өмір сүруге бола ма?
Фото: - Архив

Қазақстанда 85 мың теңгеге өмір сүруге бола ма? Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін өзекті мәселе көтеріліп отыр. Мектеп кітапханашыларының ең төменгі жалақысы 85 мың теңге, ең жоғарысы 130 мың теңге деп айттыңыздар. Осы жалақыға өмір сүруге бола ма? – деп сұрады журналист.

Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев жауап берді.

85 мың теңгеге өмір сүруге болады, бірақ әр салада қазір еңбекақының мөлшері өсуі керек. Қазір осы әдістемемен айналысып жатырмыз, - деді вице-министр AMANAT партиясында өткен брифингте.

Оның сөзінше, жалақыны өсіру жұмысы 2022 жылы басталған. Жыл сайын 20 пайызға көтеріліп отыр.

Бүгінгі күні елімізде білім беру ұйымдарында қызмет ететін кітапханашылардың айлығы 85 000-130 000 теңге алатыны жөнінде жаздық.

Бұған дейін елімізде орташа жалықы мөлшері 365 мың теңге екені жарияланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы