Қазақстанда 5 мыңнан астам сотталғанға рақымшылық жасалды

12 Ақпан 2022, 12:35
1751
Бөлісу:
Қазақстанда 5 мыңнан астам сотталғанға рақымшылық жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 5 мыңнан астам сотталғанға рақымшылық жасалды. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Комитеттің мәліметінше, барлығы 12 мыңнан астам сотталғанға рақымшылық жасалады.

Қазіргі уақытта еліміздің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 34 мыңнан астам ұсталады. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға қол қойылған күннен бастап бас бостандығынан айыру орындарындағы 945 адам жазадан босатылды, тағы 1 102 сотталғанға жазаның өтелмеген мерзімдерін қысқартты.

Соттың шешімі жариялағаннан кейін сотталғандар дереу босатылуға жатады. Бұған дейін өткен рақымшылықтар қаулының заңды күшіне енуін күтуді көздейтін және сотталғандар 15 күн өткеннен кейін ғана пенитенциарлық мекемелерден босатылуы мүмкін болатын. Бұл ізгілік актісі қоғамнан оқшаулаусыз қылмыстық жазаға тартылған адамдарға да қолданылады, - делінген хабарламада.

Жазадан босатылған пробация қызметінің есебінде тұрғандардың саны бүгінде 1 741 азаматты құрайды. Соттар жазаның өтелмеген мерзімін қысқарту туралы шешімді 1,7 мың есепке алынған адамға қатысты қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, рақымшылық актісі қылмыстық-құқықтық қатынастардың белгілі бір аспектілеріне ғана қатысты. Ол азаматтарды оңалтуға емес, тек қылмыс жасаған адамдардың жағдайын жеңілдетуге бағытталған.

Рақымшылық жазадан толық немесе ішінара босатудан, неғұрлым жеңілге ауыстырудан немесе қылмыстық қудалауды тоқтатудан тұрады.

Айта кету керек, ол азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыс жасаған адамдарға қолданылады, әлеуметтік осал топтарға – кәмелетке толмағандарға, әйелдер мен егде жастағы ер кісілерге, мүгедектігі бар адамдарға (1 және 2-топтар) ерекше көңіл бөлінеді.

Былтырдан бастап ҚАЖ бөліністері сотқа 11 мыңнан астам материал жіберді: мекемелерден – 2 310, пробация қызметінен  – 9 321 материал жолданды.

Өзгелердің жаңалығы